Полицейлер бір күндік жалақыларын Арыс тұрғындарына аударады

Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыстағы жарылыстардан зардап шеккен тұрғындарға аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы бастамасына еліміздің ішкі істер органдарының қызметкерлері қолдау көрсетті. Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы  және аумақтық бөліністері қаладағы төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккендерге көмек қорына біркүндік еңбекақыларын аударады»,- делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.





0 комментариев

Комментировать

15 − восемь =