Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин болып өзгерді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді, деп хабарлайды Ақорда.

Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Президенті  
Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kostanay-oblysynyn-taran-audany-beyimbet-maylin-bolyp-ozgerdi_a3541849


0 комментариев

Комментировать

4 × два =