Мемлекет басшысы Монғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті.

«Біздің Монғолиямен ынтымақтастығымыз жемісті дамып келеді, халықаралық ұйымдар аясында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндірісі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде елдеріміздің іскер топтарының өзара уағдаластықтары бар», — деді Мемлекет басшысы.

Пунсалмаагийн Очирбат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оның қызметіне табыс тіледі.   




0 комментариев

Комментировать

20 + пятнадцать =