Арыста жоғалған екінші әскери қызметші табылды

Арыста жоғалып кеткен екінші әскери қызметші табылып, емдеу мекемесіне жатқызылды. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, бұған дейін келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші аға сержант Б.М.Әлімбековтің қаза болғанын хабарланған болатын. Екінші жоғалған әскери қызметші табылды. Қазір ол емдеу мекемесінде жатыр», — деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, оқ-дәрі жаралыстарының салдарын жоюға жеке құрамның  шамамен 1 800 адамы мен 50-ден астам техникасы жұмылдырылған. ҚР Қарулы күштерінің жеке құрамының күшімен жарылыс салдарын жою және төмендету шаралары жүзеге асырылып жатыр.  




0 комментариев

Комментировать

2 + 15 =