Арыстағы әскери бөлім аумағында жарылыстар тыйылды

Арыстағы әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 маусым, сағат 12.00-дегі жағдайға сәйкес, әскери бөлімше аумағында қазіргі уақытта  жарылыстар тіркелген жоқ.  ҚР Ішкі істер министрлігінің 1 200-ден астам қызметкері мен 180-ден астам техникасынан жасақталған  күштері мен жабдықтары оқиға орнында  қалып отыр», — деді ол.

Оның айтуынша, кеше және түні бойы жүргізілген жұмыстар жеке тұрғын үйлердегі  өртті сөндіруге бағытталған.

«Жалпы 45 өрт сөндірілді. Оның 21-і тұрғын үй өрті, 9 қора-қопсы өрті. Сонымен қатар  оқ-дәрі ұшуынан тұтанған  19 дала өрті сөндірілді. Түркістан облыстық полиция департаменті мен Ұлттық ұланның әскери  бөлімдері Арыс қаласында талан-таражға жол бермеу үшін  шолғындау жұмыстарын  жүргізді. Өткен тәуліктің ішінде 3 адам ұсталып, тонау фактісі тіркелді», — деді Юрий Ильин.

0 комментариев

Комментировать

20 − девятнадцать =