Жарылыстан зардап шеккен 11 адам Шымкенттегі ауруханаға түсті

Арыс қаласындағы жарылыстан 11 адам зардап шегіп, Шымкенттегі ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қалалық клиникалық ауруханаға 11 адам түскен.  Оның 6-уы  түрлі дене жарақатын алған,  қалғандарын дәрігерлер  тексеріп жатыр. Олардың арасында аналар мен балалар бар. Басқа мәліметтер қосымша хабарланатын болады», — дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Мамырова.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына байланысты жағдайды түсіндірді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.




0 комментариев

Комментировать

двадцать + 10 =