Елімізде жаңа мобильді операторы пайда болды

Қазақстанда izi сауда маркасымен жаңа мобильді оператор жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оператордың сайтындағы ақпаратқа сай, оператор әзірге бета-тестілеу режимінде жұмыс істеуде. Клиенттер izi-дің SIM-картасын тек жеткізу қызметі арқылы ғана ала алады, курьерлік қызмет әзірге тек Алматы қаласында жұмыс істейді екен.

izi-дің интернет, қоңырау мен SMS пакеттерін бөлек сатып алуға болады, пакеттерінің ерекшелігі – шектеу мерзімі жоқ. izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады.

0 комментариев

Комментировать

2 × 3 =