Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының әскери бөліміндегі жарылыс туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 маусым күні Түркістан облысының арыс елді мекеніне жақын жерден өрт тұтанып,  әскери құралдардың жарылуына әкеп соқты. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда. Министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілді. Ресми мәліметке сүйенсек, Қарулы күштердің жеке құрамы апатты жою және салдарын азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Төтенше жағдайлар комитетінің  хабарлауынша, бүгін сағат 9.20-да  өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабар түскен. «Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен  8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», — делінген ресми ақпаратта.


0 комментариев

Комментировать

17 − 1 =