Семей полигоны қалай жабылды?

Бүгін Алматыда өткен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференцияда Семей полигонының қалай жабылғаны белгілі болды, деп хабарлайды  Shyn.kz.  

«Қоршаған ортаны қорғау үшін қабылданған ең маңызды шараның бірі —  Семей полигонын жабу. Мені бірнеше рет Мәскеуге шақырды. Горбачев және тағы басқа тұлғалар «жабуға болмайды, тағы бір 5-6 жарып өтейік, Америкадан қалып кетеміз» деді. Осы залда сол маңызды қадамға қатысқан бірнеше адам отыр», — деді конференцияда сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, полигонды жабу мәселесі бір жыл талқыланған.

 «Біз бұл мәселені бір жыл талқыладық. Олар «Семейді жарқыратамыз, облыстың жағдайын  жасаймыз деді. Бірақ, түк болмайтынын мен білетінмін. Одақтың қалтасында ақша жоқ болатын. Мен осында отырып, Семей полигонын жабу жөніндегі жарлыққа  қол қойдым. Мен ол кезде халықтың көңіліне, пікіріне сүйендім. Сол кезде «Невада-Семей» деген қозғалыс құрылды. Қарсылық болды. Осы қазақ жерін апатқа ұшыратқан Семей полигоны Кеңес үкіметінің әскери өнеркәсіптік кешенінің үзілді-кесілді қарсылығына қарамастан жабылды», — деді Н.Назарбаев.

0 комментариев

Комментировать

16 + 4 =