Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқушы кезіндегі суреттері жарияланды

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқушы кезіндегі суреттерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ф3

«Өз өмірінде талай емтиханды сәтті тапсырған Қазақстан Президенті түлектерге сәттілік тіледі». Facebook парақшасына мемлекет басшысының ескі суреттерін жүктеген Берік Уәли осылай деп жазды.  Еске сала кетейік, бүгін ҰБТ-ның бірінші легі басталды. Кезекті тестілеу республика бойынша 1188 аудиторияда өтеді. Оған қатысуға 117 242 талапкер өтініш берген.  Президент бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға ҰБТ-ны заңға сәйкес өткізуді тапсырған болатын.





0 комментариев

Комментировать

два × пять =