Елордаға газ келсе тариф қымбаттай ма?

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елордаға газ келсе, оның бағасының қанша болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, елорда тұрғындары көгілдір отынға 2020 жылдың басында қол жеткізуі мүмкін.

«Елордаға газ қашан келеді деп күтіп жүргендер көп. Бұл жерде жергілікті әкімдіктің жұмысына көп нәрсе байланысты.  Барлық тораптарды кестеге сай іске қосып үлгерсе, 1 қаңтардан бастап газ тұтына бастауымыз мүмкін, — дейді министр Қ.Бозымьбаев.

Ол сондай-ақ, көгілдір отын бағасы астаналықтар үшін қандай болатыны әлі де басы ашық мәселе екенін айтты.

«Қосымша жұмыстар туындап, газбен қамту шығындары артпаса, газ бағасы да өзгермеуі керек. Әзірге нақты қанша болатынын айту қиын. Бұл мәселені тиісті орындармен бірге жылдың екінші жартысында талқылаймыз. Сол кезде нақты белгілі болады», — деді Энергетика министрі.

Сондай-ақ,  Бозымьбаев жанармай стансаларында көгілдір отынның   неліктен қымбаттап жатқанын түсіндірді. «Осыдан бірнеше жыл бұрын көгілдір отын бағасы 3 есеге түсіп, зауыттар тоқтап қала жаздаған.  Шындығын айтсақ, сығымдалған газды жанармай ретінде сатудан өндірушілерге пайда көп емес. Тым болмағанда шығынға батпауы үшін бағаны саналы түрде көтеріп отырмыз», — деді ол. Министр өз сөзінде, 27 жыл бойы газды өңдемей, шикізат күйінде тұтыну белең алғанын, қазір бұл  жағдай өзгеріп, жоғары технологияларға бет бұру басталғанын жеткізді. Еске салсақ, Энергетика министрі ел алдындағы есептік кездесуі барысында Сарыарқа газ құбырын салуға 2200 адам тартылғанын айтқан болатын.








0 комментариев

Комментировать

шестнадцать − семь =