Еліміздің болашағын бейнелеп, ақшалай жүлдеге ие бол — «Арманымдағы Қазақстан» байқауы

Сіздің арманыңыздағы Қазақстан қандай? Қазақстанды 20, 50, 100 жылдан соң қалай елестетесіз? Бұл сұрақтарға сурет арқылы жауап беруді ұсынамыз. Alash Media Group холдингі тұңғыш мәдени футуристік «Арманымдағы Қазақстан» жобасының басталғанын жариялайды. «Арманымдағы Қазақстан» — еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды суретшілерге арналған жоба. Мақсаты — қоғамның сан қырлы екенін және тек алға ұмтылатынын көрсету.



Байқауға Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. 2019 жылдың 18 маусымынан 30 шілдесіне дейін artdream.kz сайтында өтініш қалдырып, суретіңізді жолдай аласыз. Ұйымдастырушылар үздік жұмыстарды іріктейді. Сондай-ақ, сайтта жұмысы жарияланған қатысушылардың барлығына кепілдендірілген 20 мың теңге берілетіні айтылады. Байқаудың ережелерімен толығырақ мына жерде танысуға болады.  Айта кетейік, суреттер екі санат бойынша қабылданады  — сандық және бейнелеу өнері.

Әр санатта үш жүлделі орын бар: 1-орынға — 300 мың теңге, 2-орынға — 200 мың теңге, 3-орынға — 100 мың теңге. Бүдан бөлек, «Интернет таңдауы» санаты бойынша жүлде беріледі, яғни онлайн дауыс беруге болады. Онлайн дауыс беру 1-14 тамыз аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры — 1,2 миллион теңге. Жобаның серіктесі — ERG компаниясы. Байқау қорытындысы бойынша үздік суреттер ERG компаниясы жұмыс істейтін кәсіпорындарда өтетін көрмелерге қойылады. Құрметті қазақстандықтар, сіздер шөберелеріңіз, шөпшектеріңіз және олардың шөберелері бақытты өмір сүретін елді бейнелей аласыздар. Бірге қиялдайық!

0 комментариев

Комментировать

1 × три =