Қасым-Жомарт Тоқаев ҰБТ тапсырушы түлектерге сәттілік тіледі

«Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жауапты мемлекеттік органдарға оны заңға сәйкес өткізуді, ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Түлектерге сәттілік тілеймін!»,-деді Президент.


Айта кетейік, Қазақстанда бүгін 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр.


«Республика бойынша бүгін барлығы 13 мың бала ҰБТ тапсырып жатыр. Бұл — бірінші лек. Жалпы 9 күн тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз.  ҰБТ-ны барлығы 117 242 түлек тапсырады», — деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов.





0 комментариев

Комментировать

десять − один =