Қарағандылық полицейлерге 80-нен астам қызметтік көлік табыс етілді

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыстық ПД қызметкерлеріне 86 қызметтік көліктің кілтін табыс етті. Салтанатты шара Қазақстан полициясы күніне орайластырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қарағанды облысы полиция департаментінің автопаркі 86 қызметтік автокөлікпен толықты. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллинге жаңа арнайы машиналардың кілттерін табыс етті. Көліктер жол-патруль қызметі мен жергілікті полиция бөлімшелеріне беріледі.

«Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еліміздің әр азаматының тұрақтылығы мен тыныштығы — сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Тұрғындар әртүрлі өмірлік жағдайларда бірінші кезекте сіздерге жүгінеді. Күндіз де, түнде де сіздер алдыңғы қатардасыздар», — деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

0 комментариев

Комментировать

шестнадцать − шестнадцать =