Үкімет жаңа министрліктермен толықты

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметті қайта жасақтап, жаңа министрлерді таныстырды.

Үкімет осы жолы 2 жаңа министрлікпен толықты. Ол — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып Мағзұм Мырзағалиев тағайындалып, оның ведомствосы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қадағалау, геология және минералды-шикізаттық базаны қайта өндіру өкілеттіктері, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтардың айналымы, сумен жабдықтау және су тарту, орман шаруашылығы мәселелерімен айналысатын болады.

Ал, жаңа ҚР Сауда және интеграция министрлігін Бақыт Сұлтанов басқаратын болды. Бұл министрлік еліміздің ішкі және сыртқы сауда саясаты, экспортты үйлестіру және ілгерілету, техникалық реттеу және стандарттау саласын жүргізетін болады.

Сондай-ақ, осы жолы екі министрліктің басшылығы ауысты. ҚР жаңа мәдениет және спорт министрі болып Ақтоты Райымқұлова тағайындалса, ҚР Білім және ғылым министрлігін Асхат Аймағамбетов тізгіндеді.







0 комментариев

Комментировать

пять × один =