Ержан Максимнің концертіне билет қалмады

28 маусымда елорда тұрғындары жас дарын Ержан Максимның айрықша шоу-концертінің куәгерлері болады. Концерт билеттері аз уақыттың ішінде сатылып кетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Орындаушының жасы — жеке концертті өткізуге еш кедергі емес, Ержан бұл іске үлкен жауапкершілікпен дайындалуға кірісті. Қазіргі таңда жас дарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықпан Жолдасов және Ренат Гайсин сынды композиторлармен композициялар жазу үстінде. Бұл Ержанның репертуарындағы алғашқы авторлық әндері болып табылады, аталмыш шығармаларды жеке концертке келген көрермендер алғашқылардың бірі болып тыңдайтын болады. Кештің репертуарында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Отан-Ана», Э. Карменнің All by Myself, М. Магомаевтың «Синяя вечность» композициялары және өзге де туындылар «Солистер академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалатын болады.


Бұдан бұрын Ержан Максим астаналық балалар үйі мен «SOS балалар ауылына» барып, тәрбиеленушілеріне алғашқы концертіне шақыру билеттерін өз қолымен үлестірді. Артынан Ержан «Муз»ТВ-2019 жүлдесіне қонақ ретінде қатысып, сахна сыртында ресейлік эстрада жұлдыздарымен кездесті. Дарынды кішкентай жұлдызымыз ресейлік шоу-бизнестің көрнекі өкілдері Валерий және Константин Меладзені, шоумен Максим Галкинді, композитор Игорь Крутойды, «Муз-ТВ» ресейлік ұлттық музыкалық арнаның бас директоры Арман Давлетьяровты және қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді өз концертіне шақырып, билеттерін берді. Игорь Крутой мен Арман Давлетьяров осындай маңызды күні Ержанды қолдау үшін келетіндерін жеткізді.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/music/erjan-maksimnyin-nur-sultandagyi-kontsertne-biletter-298820/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

0 комментариев

Комментировать

15 − 9 =