Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

ҚР Президенті, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысты.

«Біз Тәуелсіз еліміздің лайықты жастарына зор үміт артамыз. Дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны Отанымыздың қорғаушысы болуға шақырылған жастар үшін бірегей алаң болып саналады», деді Президент ашылу салтанатында.


Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына еліміздің 17 аймағынан 600-ден астам «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарының тәрбиеленушілері қатысуда.

«Жеткіншек патриоттар, жастар – біздің жарқын болашаққа деген  үмітімізді ақтаушылар. Мемлекетіміз жастарды қолдауға, олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарып жатыр»,  — деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы жастарды әрқашан барлық азаматтарымызды біріктіретін ортақ құндылықтарға – жасампаз еңбекке, бейбітшілік пен келісімге, халықтың бірлігіне, Отанға деген мақтаныш сезімге және оның ұлы тағдырына алаңдаушылық білдіруге шақырды. Сондай-ақ, Президент жастарды күш-жігерлерін өмірдегі басты мақсаттарына қол жеткізуге жұмсауға кеңес берді.

«Мен батыл ұрпақ өсіп келе жатқанын көріп тұрмын. Сіздер заманауи Қазақстанның биік мұраттары негізінде тәрбие алдыңыздар. Өздеріңіздің білімдеріңізбен және қажырлы еңбектеріңізбен Отанымыздың – Мәңгілік еліміздің даңқын шығарасыздар. Сіздердің Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтіндеріңізге, ел жетістіктерінің табысты эстафетасын абыроймен алып жүруді жалғастыратындарыңызға сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Айбын» байрағын көтеру рәсімінен және жарыс пен концерттік бағдарламаны әділ өткізуге салтанатты ант бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2050 жылдың «Жас сарбаз» қозғалысына қатысушыларға арналған «уақыт капсуласын» қалауға қатысты.






0 комментариев

Комментировать

3 × 2 =