ҰБТ кезінде талапкерлерді тексеруді әдептілікпен жүргізу керек – Үкімет басшысы

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін барлық орынның жұмысын нақты үйлестіруді тапсырды, деп Shyn.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«2017 жылдан бері тестілеу еркін түрде және жоғарғы оқу орындарына түсетіндер үшін ғана өткізіліп келеді. Биыл мұндай түлектердің саны 117 мыңнан асатынын көріп отырмыз. Білім және ғылым министрі атап өткендей, университеттердің ақылы бөліміне түсуге ниет білдіргендер үшін ҰБТ өткізілді», — деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындықты толығымен қамтамасыз ету керек.

 «БҒМ міндеті — тестілеу өткізілетін барлық орынның жұмысын нақты үйлестіру. Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге ҰБТ тапсыруды қамтамасыз ету барлық шараларды қабылдауы тиіс. Талапкерлерді тексеруді әдептілікпен жедел жүргізу қажет», — деген Асқар Мамин әкімдерге ҰБТ тапсыру жұмысын сапалы түрде ұйымдастыруды тапсырды.

0 комментариев

Комментировать

двенадцать + девятнадцать =