Президент: Зор сенім артқан Қазақстан халқына алғыс айтамын

Президент сайлауы шын мәнінде демократия талаптарына сай өтті. Бұл туралы  Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын. Бұл сайлау шын мәнінде демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алаңында нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды», — деді Мемлекет басшысы.

0 комментариев

Комментировать

17 + 19 =