Бүгін Президентті ұлықтау рәсімі өтеді

Бүгін елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді.

Бұл туралы 10 маусым күні Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

«Президент инаугурациясы 12 маусымда өтеді. Егер осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін нақтылап және ресми түрде жариялау тапсырмасын орындап үлгерсе сол күні өтеді» — деген болатын Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 9 маусым күні Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауы өткен болатын. Сайлауға биыл 7 үміткер тіркеліп, нәтижесінде:

Қасым-Жомарт Тоқаев — 70,96%

Әміржан Қосанов — 16,23%

Дания Еспаева -5,05 %

Төлеутай Рақымбеков — 3,04%

Амангелді Таспихов -1,98 %

Жамбыл Ахметбеков -1,82%

Сәді-Бек Түгел — 0,92% дауыс жинаған болатын.

BAQ.KZ

0 комментариев

Комментировать

семнадцать − шестнадцать =