Тоқаев журналист мәртебесі туралы: Президент ретінде шешімімді шығарамын

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі журналистердің мәртебесіне қатысты пікірін білдірді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Ақордадағы брифинг барысында.

«Бізде журналистердің мәртебесі туралы заң жоқ. Біз ешқандай топқа жатпаймыз. Сол статус туралы заң қабылдауға өзіңіз мұрындық боласыз ба? Бұған көзқарасыңыз қандай?» — деген журналист сұрағына былай жауап берді.

«Бұл – өте өзекті мәселе. Мәселені жақсылап тұрып қарауымыз керек. Егер керек болатын болса, мен Үкіметке тиісті тапсырма беремін. Келешекте журналистердің мәртебесі туралы, егер қажет болатын болса, тиісті заңды қабылдаймыз. Я болмаса, мен өзім президент ретінде шешімімді шығарамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

BAQ.KZ

0 комментариев

Комментировать

5 × четыре =