Тоқаев Тәжікстан басшысымен алдағы кездесулердің кестесін талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады. 

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді. 
Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

 

0 комментариев

Комментировать

девять + 4 =