Тоқаев Президент ретінде неліктен 12 маусымда ұлықталатындығын түсіндірді

«Ұлықтау рәсімін 12 маусымда өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер осы уақытта Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын толықтыру міндетін орындап, есептерін жариялай алса», — деді ҚР Президенті БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы ретте Мемлекет басшысы бұл датаның неліктен таңдап алынғанын түсіндірді.

«Өйткені, 14 маусымда бұған дейін айтқанымдай, Бішкекке, одан ары Душанбеге ұшамын. Бұл ірі халықаралық шаралар және бұл шараларға Қазақстан Президентінің өкілеттіктерге иелік еткендігі дұрысырақ болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0 комментариев

Комментировать

десять − 7 =