Тоқаев: Кандидаттарға анық мүмкіндіктер жасалды

Бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы барысында өзіне дауыс берген қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Ең алдымен маған дауыс берген Қазақстан азаматтарына алғысымды айтқым келеді. Бұл – үлкен жауапкершілік. Бұл жауапкершілікті орындау – мен үшін үлкен міндет. Бұл – халықтың сенімі. Сайлау жоғары деңгейде, әділ және ашық өтті. Сайлау барысын 1000-нан астам халықаралық бақылаушы қадағалады. Әлемнің 40 елінен келген 350-ге жуық шетелдік журналист дүниежүзіне хабар таратты», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы сайлау барысында барлық кандидатқа тең мүмкіндік берілгенін атап өтті.

«Өздеріңіз көрдіңіздер, сайлауға түскен кандидаттарға анық мүмкіндіктер жасалды. Олар еркін түрде өз бағдарламасын жариялады. Бұл – жай ғана дауыс беру емес, азаматтарымыздың ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Қазақстан халқы Елбасының стратегиясының сабақтастығын берік қолдап отыр», — деді ҚР президенті.

Айта кетсек, бүгін Орталық сайлау комиссиясы кеше өткен президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялаған болатын. Нәтижесінде  Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берушілердің 70,76%  қолдады.

0 комментариев

Комментировать

одиннадцать − 4 =