Сайлау жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті — Сергей Лебедев

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұндай пікірді ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы — атқарушы хатшы Сергей Лебедев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазақстандағы сайлау жоғары ұйымдастырушылық деңгейде және еркін ахуалда өтті деген қорытындыға келдік. Сайлау Конституцияға және Конституциялық заңға сай өтті. Ол ашық, демократияға сай және бәселекестік жағдайда болды. Жалпы, біз Қазақстандағы сайлауды байқау үшін ТМД-ның 8 елінен 432 адам келдік. Республиканың барлық облыстарында, 3812 сайлау учаскесінде болдық», — деді ол Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Оның айтуынша, ТМД байқаушылары миссиясының құрамына ТМД елдерінің парламентарийлері, Орталық сайлау комиссияларының төрағалары және дипломаттар кірген.

Сонымен қатар ол  сайлау барысында орын алған кейбір бұзушылықтарға тоқталып, оған қатысты пікірін білдірді.

«Жекелеген кемшіліктер ондаған ғана, ал дауыс берген адамдардың саны 9 миллионнан асып жығылады. Сондықтан оның аясында бұл сан түкке тұрмайды. Берілген дауыс саны Қазақстан халқының пікірін білдіреді. Біз бұл сайлауды мойындаймыз», — деді Сергей Лебедев.

0 комментариев

Комментировать

четыре × три =