Үкіметке жастарды тартамыз — ҚР Президенті

Үкімет құрамына  жастарды тартамыз. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің заңнамамызға сәйкес Үкімет отставкаға кетпейді. Дегенмен, нақты-нақты кадрлық ауыс-түйіс болады. Бұған дейін атап өткенімдей, Үкіметке жаңа тұлғалар, оның ішінде жастар өкілі тартылады. Меніңше, барынша қабілетті кадрларды тарту қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев «Президенттік кадрлық резерв» дайындауға уәде бергенін еске салды. Оған  еліміздің барлық өңірлерінен 300 адам кіретінін атап өтті.

«Біз бұл тізімді жаңартып отырамыз. Бұл догма емес. Дегенмен, басты мақсат — жастарды мемлекетті басқаруға тарту»,- деді ҚР Президенті.

0 комментариев

Комментировать

пять × три =