Серік БОҚАН. Жасанды жарға жыққысы келгендердің қандай ойы бар?

Редакциядан: Жасан Зекейұлына (суретте) қатысты қазақтілді ақпарат құралдарында жарияланып жатқан даулы дүниелерге араласпағанымызды білесіздер. Күйелі ағашқа жоласаң күйесі жұғады демей ме. Алайда, ақын, әріптесіміз Серік Боқан телефонмен арнайы хабарласып, «тәуелсіз, өз көзқарасым еді» жариялап берсеңіздер деген соң төмендегі мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Бүгінгі қазақия қоғамында жұрт ештемеге таңданбайтын жағдайға жетті. Мұның бірі, бүкіл мәдениеттердің жарылысы осында болып жатқанында болса екінші соғыс болмағанмен санада психолгиялық жарылыстар болып жатуында…

Оның бәрі жабайы түрде түс алған жаһанданудың жаңғырығы болса керек. «Бір бес күннің орны жоқ аптығарға…» дейді хакым Абай. Тыз етпе дүниелерге аптығып қайтеміз деп ойлайсын кейде, дей тұрғанмен бірдеме айтқың келеді екен тағы… Біздің қоғамда бүйректен сыйрақ шығарып алабүйректену қазақ қоғамының жасампаздығына айналып қана қалмастан, ұлттық спорттың бір түріне айналды… Біреулер ағайын ара араздықты ақпарат құралдарына сүйреуге мүдделі болып жүр… Бұның бәрі бүгінде бауырдай ұйыған берекенің жоқтығынан туындаған келеңсіздіктер…

Айтпағым, Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақалаларды, ол кісі жағынан қарсы жазылған мәтіндерді толық қарап шықтым. Қадари қалымше оқи отырып үнсіз қалуды қатардағы қаламгер ретінде азаматтығыма сын деп білдім. Меніңше, дипломы жоғары ма, төмен бе ол маңызды емес. Орыстың ұлы ақыны Юсуф Бородьски үшінші клас қана оқып Нобель сыйлығын алған. М.Шаханов Жетінші клас бітіріп әлем таныған ақын ретінде бүгінгі деңгейге жеткен. Айта берсек тізімі ұшан теңіз кете береді. Сонда мені ойландыратыны осыншалық қарапайым нәрсені түсінетін сол бауырларда қабілет қалмағаны ма? Не деп түсіндіруге болады? Нағыз білім тәжрибеден дейді ғалымдар. Ол кісі туралы К.Көпжасарлар жағы дәлел келтірсін, шындық іздесін, тіпті белгілі негіздерге сүйеніп күстаналасын бірақ оған біздің қоғамда ешкім де таңырқамайды. Шындығы сол. Екінің бірінің басындағы өзіне мәлім жағдайға кім ғажаптанады… Қызылала қағазды көкала қағазбен сатып алатынымыз шындық қой. Оған бола айғай аттан салудың қажеті барма?.

Демек, түйені жел шайқаса ешкіні аспаннан көр демекші, замананың өзін толқытып отырған уақыт желіне кім тосқауыл болады. Сол алмағайып кезеңді бастан өткерген бүгінгі халық жақсы біледі. Жасан мырза сол Қазақстанның 1995 жылдардағы алғашқы ауыр кезеңінде келіп осындағы жұртпен бірге тоңып, өзінің тірлігін жалғастырған болатын. Сол дауірдегі халықтың ауыр жағдайы кімнің есінен кетсін. Ыстығына күйіп, суығына тоңып өзінің осы мамандығын жалғастыру оңай шаруа емес. Оны терең үңілген адам түсінеді. Бүгінде қазақтың жағдайы алмағайып кезеңде тұр. Азаттықты алып қазақтықтан айырылып бара жатқан халқымыздың жайы алаңдатады. Қазақтың ендігі шығар жолы ағарту жолымен және экономикалық қуатты күшейту бағытымен жаһандану жаңғырығына төтеп береді. Жасан сыияқты азаматтар көптеп шыға берсе ел еңсесін көтеруге серпін беруі әбден мүмкін. Оның үстіне қазақы болымыспен рухқа ие кісілер біздің күңгірт қоғамның шам шырағы…

Өзекті тақырыпқа келсек: Жасан Зекейұлына сілтеніп жатқан шоқпардың жаңғырығын жақында сайттардан тағы оқыдым. Мені таңғалдырағаны сынықтан сылтау іздеп шабуыл жасаған кісілердің әлде бір мүдде қақтығысы барма деп байыбына бара алмай қойдым. Бейсаналы сілтенген қалам өзінің нысанасына тигенімен, шынайы орнын таппай тұр. Мұны сонша принципке көтеретіндей үлкен оқиға емес екен деп таңдандым. Мылтықсыз майдан алаңын көріп тұрмын. Қалам автоматынан суық ақылға емес, эмоцияға ерік берген реакциялар жаңбырша жауып тұр... тигені терекке тимегені бұтаққа... Қаймана халықтың бірі, бүгінгі дәуірдің азаматы ретінде адамдық көзқарасымды ашық мінберге алып шығып, өз атыммен пікірімді білдіруге тырыстым. Жасан Зекейұлын сырттай жақсы білемін. Қазақтың қаймағы бұзылмаған сонау Тарбағатайдың Толы ауданынан қатардағы бір дәрігерден бүгінгі деңгейге жету үшін ұшан теңіз еңбектеніп келгені сөзсіз.

Шынын айту керек, бүгінгі ғылым және медицина саласында жалған емес нәрсе бар ма? Есін енді жиіп мектеп оқыған бүлдіршіннен басталған пара ең жоғарғы ғылым атағын алған ғалым сымаққа дейін ұлғайып отырғанын ақылы бүтін адам білмейтін нәрсе ме? Бұл туралы ренішін президентіміз де, өз сөзінде атап көрсеткен. Жәнеде оның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіздіктен бері айтылып сарғайған тақырып.

Демек, біздің еліміздің ғылым медицина саласы ақшаға боялғаннан кейін мөлдірлігінен айырылып, жалған дүниелер еркін түс алды. Сонан барып қағаз бастылықтан көз ашпай көшкіндей жөңкілген қоғамның дертіне айналды. Бірде мен Алматы облыстық емхананың ішкі аурулар бөлімінің бас маманына қаралдым. Қаралғанда дәрігердің алдына жету аспанға шыққанмен бірдей екен... Қалың уақыт өлтіретін қажетсіз тексерулерден кейін, өлдім-талдым деп он күнде кабинетіне әрең жеттім... Мен берген дәптерге жарты сағатқа таяу уақыт бірдеңелерді толтырды. өзімнен сұрап алып жазады. Не ауру десем күмілжіп тіл қатпайды. Сонымен диагнозы белгісіз күйінде қалды. Сонымен төрт ай албаты дәрі беріп, асқындырып Қытайға барып емделіп әрең сауыққаным бар. Мұның бәрі маған жазған дәптерде әлі тұр. Мінеки аталмыш орынның бас дәрігерінің сықпыты осы. Одан не сұрауға болады?.. Бүкіл халық менің айтқанымды растайды. «Айтуға оңай» бағдарламасын көрсеңіздерде аталмыш тақырыптағы дүниелер туралы толық мәлімет аласыздар. Бұның өзі дәлелдеуді қажет етпейтін болмысқа айналды. Айтпағым, Жасан мырзаның медицина орталығы қолма-қол тексеріп, диагнозын нақ шығарып, бірден жедел емдеу жұмысын жүргізеді. Бұл қағаз бастылықтан әбден қажыған халыққа жасаған ерекше жеңілдік деуге болады. Демек, біраз халықтың жан тынысын осы орталықтан алып жатқаны шындық. Қазірге дейін емдеу тарапынан өте жақсы аңыстардың кең өріс алуы, уақыт ағысымен белгілі даму проссесін басып өткенінің айғағы. Қазақ сөзге тоқтаған, сөз жетпеген кезде күй арқылы толғаған халық. Бұл жолы жанымның тереңінде тұнып жатқан күй емес сөзге ерік бергенімде сол. Шам алып Жасанның ізіне түскен топ дәлел іздеу арқылы өз мүдделеріне жетуге тырысушылдығы байқалады... Бұның артында қандай бір сыр бар?

Жаға жыртысуды ғадетке айналдырған күншілдік дерті ме? Менің сөз етпегім ол емес. Адамдықтың алтын арқауының желісі. «Жасай медициналық орталығына» тек қазақты былай қойғанда бұратана халықтардың қатарының күн сайын молыға түсуі үлкен негіздік білімнің пәрменінің жемісі. Ғылымды атақ даңықпен, темір-терсекке бағынышты ету отарлаушы империялардан келген залал. «Шипагерлік баян» кітабін жазған Өтейбойдақ қайсы оқу орнын бітірген еді. Бүгінде адамзатқа асыл қазына қалтырғанын неге ұмыттық... Махамбет, Абай, Шәкерімдер қандай атақ алып еді? Құрманғазы ше? Қандай оқу орнын бітіріп еді. Білімді тәбиғи дүние арқылы біліп жинады емес пе. Мысалы қазақтың ардан келе жатқан оташылық өнерін айтайық. Ешқандай дипломсыз өзінің алла берген табиғый талантының арқасында, дерті меңдеткен талай жанға араша болмап па еді.. Ендеше үлкен жақтан қарасақ сол атақ-абырой туралы дау-дамай тудырудың өзі әбестік. Алайда, біздің дәуірімізде бүкіл еркімізді қағазға бағындырып қойғаны шындық. Осындай жағдайда бір адамның артынан шам алып түсуіміздің өзі орынсыз. Ол тырнақ астынан кір іздеушілік. Діңкемізді құртқан осындай келеңсіз үрдістен өзімізді сүйреп шыға алмаймыз. Соны біле тұра жағаға жармасуымыз лайық па? Шынық іздеп жүрміз деп жұмбақ әлемнің кілтін тапқандай ұрандауымыздың қажеті қанша? Тура сөз туысына жақпайды дейді, үкіметтің өзі қауқарсыздық танытып отырған бұл халды біздің бір-бірімізден іздеуіміз өкінішті...

Шынын айтсақ алғаш келгенде осы жазуын жазбақ түгілі харпін танымайтын едік. Соның бәрін жақсы білетін сол бауырлардың егесі мені қатты толғандырды. Жаға жыртысудың орнына бір-біріне бауырмалдық сезімде болмай ма? Не болсада өз еңбегін игеріп жатқанына сүйінішпен қарамай ма? Бұл жерде білім туралы сөз ашу былай тұрсын қоғамға бейімделіп өмір сүрудің өзі оңай шаруа емес... Қытай елінде игерген білімін осында үйлестіріп, халына еңбек етуін мойындауымыз керек. Өзіне тән шеберлігімен, дарындылығымен, шығыс медицинасының үлгісін пайдаланса оған неге күман келтіріміз? Демек мен бұл мақаламда бастан аяқ рухани өлшем тұрғысындағы кісілік өлшеміне жүгініп отырмын. Адами келібет жөніндегі бізге жетпейтін бір нәрсенің кем екендігін сезем... Адамды адам ететін – мейрім. Адамдарды бір жерге ұйыстыратын мейір махаббат. Бір ғұлама «адмдар өтірікші емес, бірақ іштеріне өтірік толып қалған»,- деген. Біз сол өтірікті шындық деп алашапқын болып жүрміз... Өтіріктің не екенін біліп алып шындық іздейік..

Мана бізге бір нәрсе жетпейді деп айтып кеттім. Жеткізбей діңкемізды құртып, буынымызды алатындай қандай құдіретті нәрсе? Біздің бұратана хадықтардан артықшылығымзда сол емесепе еді. Қисынды өмірмен ой желісін содан табамыз. Айғай мен Күрессіз өмір жоқ дейді ғұламалар, Алайда немен күресуімізді керек екенін білу өте маңызды...

 

Серік БОҚАН, ақын.

Пікірлер (32)

  • shinin aitsam barlih auruga birdei ine hoya beresiz... jakhsi dep aita almaimin... sizdiki taza aram business...

  • Мына жазып отырған журналист те Қытайдан келген бе, түсінбедім. Мақаласында қателіктер өте көп. Бірінші қазақ тілін үйреніп алсын, содан кейін жазсын!

Пікір қосу