Сонымен Қайрат Жолдыбайұлы оппозиционер ма?

Редакциядан: Жақында біздің сайтымызда Серік НҰРПЕЙІС деген автордың «Қайрат Жолдыбайұлы оппозицияның көсеміне айнала ма?» атты мақаласы жарық көрген. Біз қарсы пікір болса жариялаймыз деген едік. Бірақ, мақаланың жауабын Қайрат Жолдыбайұлы «Мүслім.кз» сайтында жариялады. Оқырмандарымызға міндетті түрде екі тараптың да пікірін ұсынамыз деген редакциялық ұстанымыз бойынша «Мүслім.кз» сайтында жарияланған Қайрат Жолдыбайұлының соңғы берген сұхбатындағы «Шында» шыққан мақалаға қатысты тұсын алып назарларыңызға ұсынып отырмыз.

– Жақында бір сайтта «Қайрат Жолдыбайұлы жұма намазынан кейін Жаңаөзендегі қаза тапқандарды шейіттерге теңеп, Құран бағыштады. Ендеше, Қайрат билікке қарсы шыққан бұзақыларды қолдап отыр» деп тағы бір мақала жарық көріпті. Солай дегеніңіз рас па?

Мұны жақында осы muslim.kz сайтына Яссауи бабамыздың жолы, жалпы таза сопылық мектептері шариғат шарттарына сай екендігін егжей-тегжейлі түсіндірген сұхбатым жарияланғаннан кейін әлгі сопылыққа жаны қас ағым өкілдері жазып отыр деп ойлаймын. Олар биліктің назарын маған қайта бұрып, мені аса қауіпті адам етіп көрсеткісі келген.  

Естеріңізде болса, Жаңаөзен оқиғасында қаза болғандардың туыстарына  Елбасының өзі бірінші болып көңіл айтып, сабырға, бірлікке шақырып, қазасына ортақтасқан. Мемлекет басшысының ынтымақшыл саясатын ілгерілетіп, дұға бағыштап, өліге иман, тіріге салауат тілегеннің қандай қателігі бар. Әлде  Елбасының тікелей тапсырмасымен жаңаөзендіктердің әлеуметтік мәселелері шешіліп, жағдайларының жақсарғаны, соған шүкіршілік қылып, мешіттерде дұға бағышталып жатқаны пиғылы бөлек біреулерге ұнамай ма?

Мақаланы ұйымдастырушылар «жұма намазында «16 желтоқсанда қаза болған жаңаөзендік бауырларымызды шаһидке теңеп» құран бағыштап, дұға жасады» деп айтпаған сөзді айтты деп, мені қаралағысы келеді. Ескертерім, біріншіден, жұма намазы бейнетаспаға жазылып отырады. Екіншіден, аузымнан «шаһид» сөзі шықпағандығына  жұма намазына жиналған дүйім жұрт куә. Тіпті, «жұма намазын маған ұйып оқығанын» жазғанына қарағанда, мақаланы жазушы жұмаға да бармаған секілді. Себебі, сол күнгі жұма намазды мен емес, найб имам өткізген еді.

Олай болса, айтпағанды «айтты», демегенді «деді» деп арнайы мақала дайындап отырған топтың ұстанған мақсаты қандай? Жаңаөзендіктерге бағыштағалған дұғаны ілік етіп, ел ынтымағына, мемлекеттік тұтастыққа әдейі сына қағып отырғандардың көксегені не? Бұл мақаланың ішінде елге жаны ашыған бола отырып, Тәуелсіздік күні қарсаңында әдейі қоғамда қолайсыз көңіл-күй тудыруды көздейтін сөздер жетерлік. Олардың жасырылған кейбір ниеттерін арнайы орындар тексеріп, ақиқатына жетеді деген үміттемін.

Ал мақала авторы әрбір жазған жала сөзі үшін ғарасат майданында Алланың құзырында жауап беретінін де ұмытпауы тиіс.

– Жалпы Жаңаөзенде қаза тапқандарға Құран бағыштауға болатын шығар?

– Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқандар, ең әуелі, олар – мұсылмандар. Имамдарымыз олардың ешқайсысын алаламай бәрінің жаназаларын шығарып, рухтарына құран бағыштады. Құран бағышталмайтындай олар кәпір ме еді? Биылғы желтоқсанның 9-ы күні Маңғыстаудағы Теңге әулие басындағы Жаңаөзенде қаза тапқандарға арналып берілген асқа Діни басқарманың арнайы өкілі қатысып, марқұмдардың отбасын аралап, көңіл айтты, рухтарына құран бағыштады. Сонда, әлгі автордың ойынша халықты сабырға шақырып, марқұмдарға Құран бағыштау күнә ма? Бұл ісіміз мемлекетке, билікке қарсы келіп, бас көтеріп, бүлік шығаруға жата ма? Мұның ондай емес екенін мақаланың авторы да, сол мақаланы жазуға тапсырыс беріп отырған топ та жақсы біледі. Тек олардың көксегендері – мені билікке бүлікші, қауіпті адам етіп көрсету ғана.

– Мақала авторы сізді «Қауіпті адам. Өйткені, ол Мысырдағы  Хұсни Мұбарак режимін құлатуға атсалысқан Юсуф Қардауидің шәкірті», «Мақалаларында Кардауидің сөздерін үнемі үлгі етіп отырады» дейді. Бұған қандай уәж айтасыз? 

– Мені кеше нұршы деп еді, бүгін Юсуф Қардауидің шәкірті. Сөздерінде пәтуа жоқ. Мен сол айтып отырған Юсуф Қардауи дегеннің бір де бір саяси пікірін ешбір мақаламда, кітаптарымда қолданған емеспін. Оның берген діни пәтуаларының көбі дұрыс болғанымен, саяси және кейбір ақидадағы пікірлеріне мүлдем қосылмаймын.

– Аталмыш мақалада Сізді «Болашақта ол оппозицияның көсеміне айналып, бүлік шығарады» деген сыңайда да сөздер айтылыпты. Бұған не дейсіз?

– Билікке қарсы келіп, бүлік шығаруды күнә санайтын адаммын. Өйткені, бұл – Құранның әмірі. Қазақтың қазақ болып жер бетінде қалуы үшін бізге тек тыныштық пен ынтымақ керек. Аз ғана халықтың осынау байтақ жерді сақтап қалуы үшін бұл ауадай қажет.  Сондықтан, бұған не күлерімді, не жыларымды білмей отырмын?!

– Тілегіңіз?

– Бүгінде «жау – жағадан, бөрі етектен алған» заманда қазаққа іркіттей бұзылмай, айрандай ұю үшін берік бірлік, жарасқан ынтымақ қажет. Қой терісін жамылған небір арам пиғылды, қара ниетті қасқырлардың қаптап жүргені онсыз да жетерлік. Сондықтан да, бір қазақ болып бір бірімізге күйе жағып, жала жауып жүргеніміз жарамас. «Ауылдың иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді» емес пе? Сол үшін бір ел, бір дін, бір мәзһаб болсақ, ешкім бейбітшіліктің бетіне сызат түсіріп, тұтастығымыздың шырқын бұзбақ емес. «Топтанып ұшқан торғайға, тұрымтай да бата алмас»...

Пікірлер (75)

  • Бұл жауапты жазбаса да біз Қайрат Жолдыбайұлының ақ екенін жақсы білеміз. Оны көре білу үшін көз ашық болса болағны

  • машалла, керемет жазылған жауап екен!

  • Шынға айтарым осы мақалаға қойған тақырыптан ақ серік нұрпейіс дегенмен бір екендерің көрініп тұр.неге екіжүзділік жасайсыңдар.

  • пах пах макаланың атауын айтсаңызшы...."Сонымен Қайрат Жолдыбайұлы оппозиционер ма?" әрине ЖОҚ!!!!

  • Е е бәсе, Біз танитын Қайрат дінін, елін сүйетін азамат қой.
    Шын.кз айтарым, адамдарға дұрыс пікір беретін мақала қойсаңдаршы. Үнемі алауыздық тудыратын мақала қойып, елдің шырқын бұзуға дайынсыңдар....

  • мен түсінбедім сонда жанаөзенде өлген адамның ешқайсысына да құран бағыштауға болмайды ма??!!!! біздің қай жеріміз қисық??? оңтүстіктегі және астанадағы қазақтардан қай жеріміз кем болып туылдық??!!!!!!

  • құран оқып бағыштауға болмайды деп салафиттер айтушы еді. мыналар нені күйттеп отыр

  • құран оқып бағыштауға болмайды деп салафиттер айтушы еді. мыналар нені күйттеп отыр

  • ТҮСІНБЕДІМ! КІМДІКІ ДҰРЫС КІМДІКІ БҰРЫСЫН БІР АЛЛАҺ БІЛЕДІ?

  • Мәселе жанаөзенде емес, мәселе билікке қарсы шыққан мұсылмандар да, олар шектен шыққан, Пайғамбарымыз с.ғ.с. ондайларды діннен шыққандар деген, Қайрат Жолдыбайұлы оны жақсы біліп айтпай отыр білмегендей! Құранда Алла Тағала Кайраттар сиақты тұралы қалай айтқанын білерсіздер... Беспонтовый отмазка айтыпты Кайрекен, Алланын алдында жауап бермейтиндей отыргой

  • Jala jabuga bolmaydi. Birlikte, beybitwilikte bolaik!

  • Сіздер білесіздерме Турцияны қазіргі денгейге жеткізген кім, бәрі шулайды Ататүрік деп бірақ АТАңның басы! Түріктерді ИМАНДЫ,ҮЛГІЛІ ел еткен ол мына кісі! Премьер-министр Турции Реджеп Тайип Эрдоган осы кісінң медресесін бітірген ТҮЛЕКТЕРІ! http://www.nurru.com/ !!!!!!!!!

  • http://shyn.kz/rubric/view?id=91

  • Серик Нурпесистин шын аты ким екенин де билемиз? (жаксы кз)

  • нурпейстин шын аты кім екен жазыңышшы біле журейк

  • нурпейстин шын аты кім екен жазыңышшы біле журейк

  • Kairat natonan agenti ma ?

  • қайрат жолдыбай бүгінгі дін мәселесін жақсы тани алатын мамандарымыздың бірі деп танимын. оны саясаттың желімен ығыстыруға өз басым қарсымын. жалпы дінді, дін адамын саясатқа соқпаңыздар өтініш. ал енді Жаңаөзендегі қаза болғандар шахид еді деп бағалау шариғат тұрғысынан да томпақ емес. Досай

  • Комментарий удален
  • Абай: "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" демекші, Қазақтар, қайда барамыз!Масқара ғой бұл, бір-бірлеріңнің еттеріңді жейсіңдер...

  • Енді дұрысқой Жаңаөзенде қайтыс болғандар шахит болса олардікі дұрыс болғаны. Олай болса оларға қойыңдар дегендердікі (яғни өкіметтікі) дұрыс емес болуы керек. Қайрекең қатты кеткен екен.

  • 10боғыңды көөп жеме.

  • #24ке "жемесең жеме!!!" мен жимін!!!!

  • Патша жақында біз елді ортағасырға қарай кері тартпауымыз керек деді. Сопылық деген нағыз дүниеден безушілік пен кейінге шегінудің нақ өзі емес пе? Жердің астына түсу, дауріш болып дуаналық пен дүние кезу деген сияқты. Айтпақшы жақында Қайрат жолдыбайдың сопылық туралы мақаласында дауріш болу және пірге қол беруді уағыздады емес пе. Пірлердің алды 14 жылға сотталып кетті емес пе мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болып. Қайратта жұмада 190 мың айлықты 300 мыңға көтеріңдер деп дүниеге таласып мемлекетке қарсы шыққан бүлікшілерді жақтағаны дұрыс болмапты

  • машалла, неге мақаланы толық шығармағансыздар? Қайрат білімді жігіт қой. оны көбі көре алмайды. шынымен де соңғы кездері муфти ауысады деген әңгіме желдей есіп кеткені белгілі. алдыңғы құрылтайларда күдікті бағыттағы (с.ф.) ағайындарымыздың қанша тырысса да жолы болмады (марқұм С.С.ті де қосты, Қ.ағамызды да қосты түк шықпады) ҚМДБ дәл көзалдыларында сағым болып өте шықты, сөйтіп сан соғып қала бергені бар. енді міне тағы шықты құрылтай туралы әңгіме, осы тұста олар үшін дәл қазір ең қауіпті оппонет Қайрат Жолдыбайұлы болып отыр, себебі білімді жігіт, соңғы кездері төрт бес рет Елбасымен кездесіп үлгерді, Елбасымыз да оны қатты жақсы көреді. осы мәселе кеуделерін тырнап, қызғаныштан булыққан соң осындай айла тәсілге көшкен екен ғой. алайда Қайрат өз сөзінде: "Мен мүфтилік секілді екі дүниеде де жүгі ауыр қызметті армандаған да, мақсат еткен де емеспін. Өзімді ондай үлкен қызметке лайықты адаммын деп те санамаймын. Тіпті мұндай қызметті сұраудың өзі – күнә." деп айтты, так что жүректеріңіз ауырмай ақ қойсын!!!!! Қайрат Жолдыбайдың санасы сендерден жоғары, өресі биік, екі дүниеде де бағы жанатын аяулы азамат иншалла!!!!

  • КМДБ имамдарынын коби пайдакумар зинакор болып болган. Еш адилеттилик жок.

  • 1875-1921 жылыдардың ойшыл ақыны Ғұмар Қараш дүниені тәрк ететін дәуріштер мен сопылар туралы былай деген:
    Бұл дүние себеп талап дүниесі
    Тек жүрген себеп етпей болар харап (Бұзылу)
    Іздемей рызығымды мен сопы ма,
    Созылып отыруға деспе санап

    Бізде жоқ адамдардай надан сопы
    Сопысы елді алдайтын төмен қарап
    алданып қиялиға, әм алдатып
    жориды әулиеге өзін балап

    Себепсіз ризық сұрап олар бейне
    Бидайға екпей егін тосады қап
    Шығар ма егін екпей жерден бидай
    білмей ме тым болмаса осыны ойлап?!

    Бос жүріп кәсіп етпей сопысынып
    тартады дүние, ақыретауыр азап

  • Бұл жағдайлар мен әрекеттер келешек жас дінтанушы мамандарды аяқтан шалу гой. адам мансапты болгасын қайтседе ой пікірлері өзгереді екен нафсиге берліп яки азгыру көшпенен бірге. тек Мухаммед мустафа С.А.У пайғамбарымыз ғана нафсиден азғырудан таза болган. адам қанша білімді немесе атақты болғаныменде отанға деген сүйспеншілігі болмаса істің барі бекер екен.Жас дінтанушы Темірхан Назаров

  • Бұл жағдайлар мен әрекеттер келешек жас дінтанушы мамандарды аяқтан шалу гой. адам мансапты болгасын қайтседе ой пікірлері өзгереді екен нафсиге берліп яки азгыру көшпенен бірге. тек Мухаммед мустафа С.А.У пайғамбарымыз ғана нафсиден азғырудан таза болган. адам қанша білімді немесе атақты болғаныменде отанға деген сүйспеншілігі болмаса істің барі бекер екен.Жас дінтанушы Темірхан Назаров

  • машалла, неге мақаланы толық шығармағансыздар? Қайрат білімді жігіт қой. оны көбі көре алмайды. шынымен де соңғы кездері муфти ауысады деген әңгіме желдей есіп кеткені белгілі. алдыңғы құрылтайларда күдікті бағыттағы (с.ф.) ағайындарымыздың қанша тырысса да жолы болмады (марқұм С.С.ті де қосты, Қ.ағамызды да қосты түк шықпады) ҚМДБ дәл көзалдыларында сағым болып өте шықты, сөйтіп сан соғып қала бергені бар. енді міне тағы шықты құрылтай туралы әңгіме, осы тұста олар үшін дәл қазір ең қауіпті оппонет Қайрат Жолдыбайұлы болып отыр, себебі білімді жігіт, соңғы кездері төрт бес рет Елбасымен кездесіп үлгерді, Елбасымыз да оны қатты жақсы көреді. осы мәселе кеуделерін тырнап, қызғаныштан булыққан соң осындай айла тәсілге көшкен екен ғой. алайда Қайрат өз сөзінде: "Мен мүфтилік секілді екі дүниеде де жүгі ауыр қызметті армандаған да, мақсат еткен де емеспін. Өзімді ондай үлкен қызметке лайықты адаммын деп те санамаймын. Тіпті мұндай қызметті сұраудың өзі – күнә." деп айтты, так что жүректеріңіз ауырмай ақ қойсын!!!!! Қайрат Жолдыбайдың санасы сендерден жоғары, өресі биік, екі дүниеде де бағы жанатын аяулы азамат иншалла!!!!

  • мына жердеги пикирдин бари кайраттын оз адамдарына жаздырган пикири. Создин шындигинда Кайрат адеми сойлегенимен амалы типтен болек. Такаппарлыгы мол. Бир куни мен намазга катысып сонадайдан Кайратты корип калдым. Уялмай артындагы жамагатпен шаруасы жок Кайрат сук саусагымен котенин шукып тур. Мынау мадениеттен журдай адам екен дедим. Сосын арттагы биреулер аздап шулап еди казир шыккасын коресиндер деди. Ол не ангиме. Сонда ол не истегиси келип тур. Боккотен бала нафсисин игере алмай барады. Ойлан Кайрат. Кунын кок тиын. Как мандайынан мазак кылып атып кетпесин. Диннин биразын бузып болдын. Оган жастардын бари куа. Дин мен дил деген китабынды ар мешитке зорлап тыктын. Кобисин жастар ортеп тастады. Сенин адей жиберилген агент екенинди де коп адамдар биледи. Сен озендиктерге куран багыштаган болып сум спектаклинди коймайак кой. Урынын арты куыс.

  • Атыраудын бас имамы Амантай Садиев айткан Муфтиский состав бир болек Занкоевтин составы бир болек Кайрат Жолдыбайдын составы бир болек деп. Кайрат Жолдыбай мын жерден зам болса да маган каямда истей алмайды себеби мен Муфтиский составтамын деп. Соган карап дин басынын ози былыгып жаткандыгын коруге болады. Биздин Амантай мен Атыраудын кызыл балыгы турганда Кайраттын курыгы кимге жетеди. Амантайдын ози Кайраттын киьтаптарына косылмаймын бирак я деп коя беремиз гой шимкентский вариянтпен деген. Ода тук билим жок деген.

  • 1875-1921 жылыдардың ойшыл ақыны Ғұмар Қараш дүниені тәрк ететін дәуріштер мен сопылар туралы былай деген:
    Бұл дүние себеп талап дүниесі
    Тек жүрген себеп етпей болар харап (Бұзылу)
    Іздемей рызығымды мен сопы ма,
    Созылып отыруға деспе санап

    Бізде жоқ адамдардай надан сопы
    Сопысы елді алдайтын төмен қарап
    алданып қиялиға, әм алдатып
    жориды әулиеге өзін балап

    Себепсіз ризық сұрап олар бейне
    Бидайға екпей егін тосады қап
    Шығар ма егін екпей жерден бидай
    білмей ме тым болмаса осыны ойлап?!

    Бос жүріп кәсіп етпей сопысынып
    тартады дүние, ақыретауыр азап

  • мысалы муфтиден бастап 2300 дей мешиттин иамадары найыптарымен косылып хиджабка байланысты бир араша тусе алмады гой. Ал жашиктеги акшага келгенде бир-бирин андып кырып барады. Муфтияттагы паракорлыкты халык билмейди гой. Олардын бас имам болып креслога отыруы ак орданикинен кем емес.

  • Менің Әбу Ханифа мәзһабынан сондықтан исламның басқа ағымдарымен шаруам жоқ 5 мезгіл дәретім мен намазым бар сосын ата-баба дәстүрімен жүру. Ұят екен ислам дінін осындай түрлі ағымдарға бөлген біздің мақсатымыз бір Аллаға сену, пайғамбарымыз Мұхаммед екенін білу. Қазақтар естеріңді жиыңдар.

  • Шын әкімшілігі сіздердің ең басты қателіктеріңіз мақаланы толық бермегенсіздер, себебі сіздердің ғана сайттарыңыздан мақаланы оқып отырғандар толық жауап ала алмайды. Ал муслим сайтында Қайраттың әр сұраққа жауабы бір-бірімен байланысты, сайт дегеніміз мақаланың толық үлгісі сыймай қалатындай газет емес қой. Өз басым Қайрат Жолдыбайдың еңбектерін үнемі оқып, уағыздарын тыңдаймын. Алла Тағала білімді кез-келген адамға бермейді, Қайрат мырза өте сауатты адам. Ғайбат айтып сыртынан жамандағанша, ол кісінің жасап жатқан істерін, уағыз насихаттарына көңіл бөліңіздер. Жаңаөзен қазақтың жанды жері болғасын бәзбіреулер Қайраттыда араңдатпақшы болды. Ал Қайрат мақалада Жаңаөзендік құрбандарға құран бағыштау керектігін анық айтқан, фейсбук әлеуметтік желісі арқылы ҚМДБ тарапынан әр мешітте 16 желтоқсанда құран бағышталады деп хабарландырды. Біздің дініміз ұлттың бірлігін құртушы емес, нығайтуды, татуластыруды қалаған болар. Олай болса Қайраттан не талап етіп отырсыздар? Елімізде қаптаған ағымдардың шын пердесін ашып көрсетуге ат салысқан бірден-бір адам осы Қайрат десек артық айтқандығым емес. "Дін мен Діл" кітабы талайларға үлкен соққы болып, қаншама жат ағымның жетегінде кетіп бара жатқандарды өз үйірімізге қосуға себеп болды. Ата бабамыз ұстанған Ханафи жолын ҚМДБ үнемі насихаттап, кімнің-кім екендігін түсінетіндей айтудай-ақ жеткізуде. Құрметті бауырлар ұлт үшін қызмет етіп жатқан азаматтарымызды аяқтан шалғанша, қолдау білдіріп отырғанымыз жөн болар.

  • Мақсат ислам не болып кеткен кімге сенеміз.

  • Мен сіздерге бір қызық нәрсе айтып берейін. Мен Алматы қаласының Орталық мешіттің жанында тұрамын, ҚМДБ (муфтият) қызметкерлерін жақсы танимын, мешіт қызметкерлерінің немен айналысатынын білемін, өз көзімен көрдім және көріп жүрмін. Былайша айтқанда «діни саладағы былық пен топалаңды» ішінен білемін.
    Сонымен бастайық, ҚМДБ- халық арасындағы бейресми аты «ритуал қызметтерінің үйі». Қызметкерледің небәрі 10 пайызында ғана діни білім бар. Қызметке алғанда негізгі параметр – Абсаттарға жерлес болу, оның к***н жалай білу, дін басқарманың саясатына қарсы шықпау. Имамдардың сексен пайызы Абсаттардың жерлестері. Бір ғана мысал - қажылық бөлімінің бастығы. Қазір діни білімі мен тәжірибесі бар жастар көп болғанымен Абсаттар зоотехникті қойды. Онымен қоймай оған көмекші берді. Ал оның алдындағы Еркебұлан қажылық бөлімімен қатар діни сараптама бөлімін басқарған болатын. Аа ұмытып кетіппін ғой – соңғы кезде болған тағайындау. Діни сараптама бөлімінің бастығы ретінде баяғыда-ақ жемкорлық скандалға киліккен Нур-мубарак унвиерситетінің түлегі, жасы небәрі 24 жас баланы қойды. Сонда бұл бозбала үлкен ғалымдардың еңбектерін тексермек пе?
    Өткенде ораза кезінде Орталық мешіттің наибы күзетшінің бетін быт-шытын шығарды. Бас имам не істеді деп ойлайсыз? Ештеңе, әйтеуір журналистер білгеннен кейін басқа мешітке қызметке ауыстырды. Ол имам ұят жоқ екен- күзетшіден кешірім де сұраған жоқ. Ол ол ма, бұл төбелісті қаншама адам көрді, себебі бұл оқиға тарауық намазы кезінде орын алды.
    Мешіттердің имамдары туралы сөз қозғайық – бұл салада имамдарды тағайындау шенеуніктер жүйесін еске салады. Неғұрлым мешіт «майлы жерде» орналасса, соғұрлым сол жердің «ставкасы» жоғары болады. Мысалы, Тастақ мешітіне бас имам болғыңыз келсе 10 000 доллар бересіз. Орталық мешіттердің имамдары өз алдына бөлек әңгіме- діни қызметкер емес, әкімдер сияқты. Мысалы, Алматы орталық мешітінің бас имамының нөмірі 002.
    Негізі табыс көзі - өліктер, құдай тамақтар және Құран оқу. Егер жұма күні азанда мешіттің алдында отырып 3-4 сағат Құран оқысаңыз бір айлығыңызды шығарып аласыз. Сонымен қатар мешіттің қызметкерлері мешітке келген машиналарға таласады, машина неғұрлым «крутой» болса, соғұрлым «қызметкерлер арасындағы төбелес» қызу болады

  • – Мұны жақында осы muslim.kz сайтына Яссауи бабамыздың жолы, жалпы таза сопылық мектептері шариғат шарттарына сай екендігін егжей-тегжейлі түсіндірген сұхбатым жарияланғаннан кейін

    ============================================

    ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙ МАҚТАП ОТЫРҒАН СОПЫЛЫҚ ДІН МЫНАУ;


    Қазақстанда сопылық

    http://kiwi.kz/watch/wfi4k0qbym33/


    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ барлық сопылар пір тұтып, дәрет алған суын ішіп жүрген ұлты өзбек Құрбанәлі деген сопының ғибадаты мынау;

    http://rutube.ru/tracks/3491494.html

  • Атыраудагы бас имам сол Курбаналинин кушиги. Курбанали куылганнан кейн Кулсарылыктар Амантайды куып жиберген. Ол Атырауга келип жан багу онай ма таухидти урды. Ози Шымкенттик руы Дулат. Кулсарыга да руы Дулат Шымкенттик Арам Исаев деген ауылдасын койып койыпты. Олар зинакорлар. Бир брат олардын барлык амалдарын жаксы биледи. Содан сурап далелди анык версияларын еринбей жазып жиберемин.

  • рас, пікіріңізге қосыламын. Амантай қажылыққа бардым деп жұртты алдапты ғой. Ал шындығында қажылыққа ұша алмай қалып ауылына барып 1ай демалып келіпті. Халық оны қажыдан келді деп мәз болып қарсы алыпты. Ол шыныменде қарабет. Ал Арман деп отырған ишаныңыз бір адамның сотталып кетуіне себеп болыпты, жалған куәлік беріпті. Онымен қоймай зинаға барып ұялмай Құлсары жаққа ма білмеймін бас имам болып кетіпті. Сондай имамндардың көзін құрту керек.

  • Пікірлеріңізді аямаңыздар білетіндер. Осы сайд арқылы дін терісін жамылған имансыздардың арам амалдарын біліп отырайық. Дін басын көт жалайтын әскерлерімен бірге жастардан ешкім жақтырмайды. Бірақ олар қоғаммен қатты тығыз байанысқаннан кейін қоғам жастарды қысып отыр. Дымы ішінде. Бірақ көпке бара қоймас. Шөлмек мың күнсынбайды бір күн сынады.

  • не болды сонша, өте дұрыс. Барлығын тиянақтап жақсы жауап беріпті. Қайрат Жолдыбайұлы өте сауатты адам. Саясатқа қолдарын кірлетпегені дұрыс. Бірақ дегенмен, діңи сауатымызды ашатын іс-шаралар көбірек қажет деп ойлаймын. Соңғы уақытта лаңкестік түсінік кең ауқымды болып, елімізді айнала бастады. Жуырда Фатали Мохаддам деген әлемге таңымал жақсы, мықты ғалым, психолог бар екенің біліп, осы сілтемеден www.fayloobmennik.net/2479148 кітабын тауып, лаңкесік жайлы жаңа көзқарастар біліп,сауатымды одан сайын нығайтым! Барлығы түсінікті, ойға,сөзге қонымды түрде жазылған. Сенбесеңіздер оқып көріңіздер тек рецензиясын. сонда шындығын түсінесідер. \аман болайық ағайын!!!

  • Жогарыдагы Атыраудан жазып отырган адамнын пикирлери шындык. Арман Исаев деген имамнын порно видеосы бар.

  • осындай имамдар үшін жастар мешіттерді айналып өтетін болды. Зинаоқор имамды кім тыңдайды? мен енді неге Атырауда салафизмнің тез таралуын түсіндім

  • имамдардын 80 пайызы шымкенттиктер. Мен болинип отырган жокпын. Шымкенттиктердин тили татти журеги катты болады. Бетиннен кулип турып котиннен пышак салады. Оларга озбек жакын болгасын солардын еврохитроумдары отип кеткен. Олар шайтаннын да тилин биледи. Короче олар садака жашиктеги пулдарды как лисица рулирует етеди. Жогарыга 30 прцент лактырып отырсын деп оларды муфти-колобок арнайы жиберип отыр. Ал олар 5000000 тг туссе 1000000тг тусти деп отирик информация берип 30 процентке 300000 лактырып тастап оздери хапать етип прикол устап отыр. Бизде Атырау жакта дал солай. Олар истинанын осуи ушин емес грехтин осуи ушин отыр. Отчет бергенде пахать етип журген кусап коринип ал оздери лапа жизньде жур. Например кыздар, иномарка,квартир, и.т. д.

  • кайрат жолдыбаев оте сум. ол шпион. ол шетелде окыган екен. казир неге шетелде окып жургендерди тындамандар деп карсы согыс ашып жатыр. ози окыган гой.

  • Қайрат дұрыс адам! Уахабилер адасқандар

  • Моторроди болганы ушин дурыс па ешек.

  • жалпы...
    "жел сокпаса шоп кимылдамайды...муфтиияттагылар оздеринин кей кимылдарына сырт козбен караса екен...сонда гана осындай когамда антипатия калыптаспас еди...

  • XSrG0c <a href="http://msfjbwstiqdp.com/">msfjbwstiqdp</a>, [url=http://xtqnrnvzwzlc.com/]xtqnrnvzwzlc[/url], [link=http://aquykzedtxec.com/]aquykzedtxec[/link], http://twvdusuobulm.com/

  • Коп дини кызметкерлер, белгили бир жамагатка жатады. Нуршылар, сопылар, уахабилер, тарикатшылар, дагуатшылар, сулейменшилер т б.

  • не все имамы порочны и лживы. много среди них людей которые несмотря на трудные финансовые проблемы, работают за гроши и проповедуют Ислам. да еще в обществе сложилось такое агрессивное мнение служителям Ислама. из- за нескольких недобросовестных имамов нельзя и неправильно считать что все имамы- недостойные.
    я не раз, слышал и видел, как имамы обсуждают мимопроходящих красивых девушек, мимопроезжающих дорогих машин. и они как будто готовы все отдать чтобы овладеть этим. в их глазах можно в этот момент прочитать только корысть, жадность, неутомимость. как после этого можно слушать то как они читают и комментируют Священный Коран?!?
    надо служить Исламу, а не чтобы Ислам служил вам. тогда только будет благодать Аллаха и Его Милость, в которой мы остро нуждаемся.
    надо преподовать культуру общения, основы психологии, предмет этики для имамов. тогда отношение общества изменится в лучшую сторону. Да, воздаст всем Аллах по заслугам и снизойдет Его Милость, нам всем!!!

  • Қайреке тек алга хауариждердин мысын басып өширетин тагы бир китап жазыныз сосын оны коп етип таратамыз алдынгы китап Дин мен дил оте керемет болды тагыда сол секилди антивирустар кобирек керек ақ жастар жалпы дүйм жұртшылық коптеген магұлымат алды Алла разы босын Сизге Қайреке тек не тормози баса бер биз тилекши боламыз иншаАЛЛА

  • МЫҚТЫ БОЛСАНДАР ҚАЙРАТТАЙ БОЛЫНДАР НАПСИЛЕРИНДИ СЫНДЫРЫП ҚАЙРАТ СИЯҚТЫ ОҚЫНДАР 15ЖЫЛ

  • Tusiniuiniz uwin adamdardi taniniz ,kozinizdi awiniz,jala ekenin korip otsiz goi Kairattai agamizdi kore almaitin salafitterdin jalasi goi Serik Nurpeistinde atinan jazgan onin kim ekeninde bilmeimiz goi ... osilai arandatkan makalalardi koip,haliktin iwinde irtki tudiratin osindai saittardi azaitsa goi kozderin jetkizbesten betaldi makalalardi jaryalamai.

  • sizde sol salafitterden ekeniniz korinip tur muslamdarda kuran bagiwtaidi al sizder kuranga moinsinbaitin,silamaitindarsizdar ,kuran okilip jatsa turip turip ketesizder,kai ata-baban soitip edi,kazirgi jastar sondai akildi bolip ketkenine tankalam,kewegi ata-babasinin jolimen emes ,baska jolga tusip alip iritki salgan sizderge janim awidi,Allah hidaiat bersin

  • betaldi soilemenizwi ,osiali aitip turgan sizde onda anau sakafitterdin birisiz,

  • Астагфируллаh мына жер гайбатшылардын ордасы болыпты гой.Оз бауырынын етiн жеген дердiн кунi не болмак.Ей,улылардын улысы болган Алла кешiр бiздердi.Тура жолына сала кор,ныгыметке боленгендерiннiн жолына,адаскандар мен ашуга ушырагандардын жолына емес.Жумыр басты пендендi кешiршi Раббым!

  • 30-ға жауап ҚМДБ имамдары болмағанда еді, басыңды сәләфтар кемірер еди. түбіңе уахабистер жетер еді. қайдан көрдің олардың зинақор екендігін? іріген ауыздан- шіріген сөз шығады.-деген аталарымыз дана ғой шіркін.

  • 30-ға жауап ҚМДБ имамдары болмағанда еді, басыңды сәләфтар кемірер еди. түбіңе уахабистер жетер еді. қайдан көрдің олардың зинақор екендігін? іріген ауыздан- шіріген сөз шығады.-деген аталарымыз дана ғой шіркін.

  • ( http://blog.sina.com.cn/s/blog_4e70a00f0100a0fa.html http://blog.sina.com.cn/s/blog_4e70a00f0100a210.html) қазақ десе өзімізге тиеді. бөлінгенді бөрі жиді дегендей, біз бір-бірімізді жегенде, қызымызды күң- ұлымызды құл етіп тайраңдап жүрген жоқпа? осы бөрі жегені емеспе? ҚМДБ сыртынан, Қайраттың сыртынан әңгіме айтып жүргенде, қазақтар өз-етімізді өзіміз жеп жүргенде, қараңдар жоғарыдағы нұсқаудағы мақалаларға. өзгелер итке ет тастағандай осындай мәселелерді ортамызға тастап қойып, бір-бірімізбен итше таласқанымызды қарап қызықтап, ойларына келгенін істеп жатыр емеспе? болар елдің балдары бірін-бірі батырым дейді, болмас елдің балдары бірін-бірі қатыным дейді-деген. бұлай ел болу қайда біздерге? шіркін заяға кеткен Елбасының үміті-ай. халқым деп, биздергеде үміт артып отырғой.

  • имамдардын уйлерин, машиналарын, соткаларын, сагаттарын, киiмдерiн караныздар. сосын барып баскарып отырган мешiтiн караныз, тазалыгын, тартiбiн, жагдайын. сайкес болар ма, екен?!? :) бiрдей деп ойламаймын

  • имамдардың машинасын, үйін түгелдеп жүргенде, келімсектер бүткіл қазағыстанды түгімен жұтып жатыргой. неге сол туралы басыңызды қатырмайсыз?

  • Орталык мешiттiн жанында турамын. ондагы кызметкерлердiн ангiмесiн кейде естiп каламын. карапайым вдамдардын айтатын ангiме. еш айырмашылык жок. дуние, мал, кыз, мансап, машина, саясат, жанбагыс.

  • не секрет что Кайрат Жолдыбайулы- аффилирован с турецким жамагатом "Нуршылар". которые до небес восхваляют своего шейха Фетхуллах Гюлена. который изгнан из своей же Турции. и проживает в штате Техас, США.
    Кайрат с турками поддерживал связь и в Египте и в Казахстане.
    Он их "маяк надежды" в КЗ.

  • 66-ға жауап. орталық мешіттің жанында тұрсаңыз, олар сонда айғайлап сөйлемекен? мен күнде намазға барамын, қастарынан өтемін, бірақ еш сөздерін есітпедім-ғой. бәлкім сіз шыққанда, сізге арнайы айғайлап сөйлетін болар. ұят-ұят! пікірді де дұрыстап шындықпен жазу керекқой. мәшкі иттер сияқты, ит үрсе болды шәуілдей берместен.

  • давайте, не будем отходить от темы.
    нужен ли Кайрат для духовного процветания в Казахстане или нет? вот в чем вопрос. есть ли от него польза? если есть то какая она?
    не отвлекайтесь на отвлеченные темы!

  • tema sdohla.

  • hjjljj

  • bsxkEH http://www.6shpFpANPwYnffbs9P5rsRN67oJWDZuQ.com

  • hxCgNI http://www.6shpFpANPwYnffbs9P5rsRN67oJWDZuQ.com

  • Біз Қайрат ағамызға сенеміз, ондай азаматтар көбейе берсін, АМИН!

  • Кайрат деп мактай бермендер,мадах бир Аллага гана лайык,оншен гайбатшылар имамдар,олар сахих хадистерди мойындамайды кайдагы бир пирадарларынын создерин айтады,адасканда солар нагыз адаскан,

Пікір қосу